Bugin

Қазақстанның қай өңірінде баға қатты қымбаттағаны анықталды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos.com/ru

2023 жылдың қазан айында ҚР Ұлттық банкі ел өңірлеріндегі инфляция тенденцияларына шолу жасап, қай аймақта  тауарлар бағасының ең көп өсуі байқалғанын анықтады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Orda.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда жылдық инфляция қазан айында 11,8% болған қыркүйекпен салыстырғанда 10,8%-ға төмендеді. Бұл үрдіс барлық 20 өңірде байқалды. Елімізде ай сайынғы инфляция 0,7 пайызды құрады.

Жылдық инфляция бойынша Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстары көш бастады. Азық-түлік тауарларының бағасы қазан айында 10,4%-ға өсті, ең жоғары өсім Ұлытау облысында (14,2%), ең төменгісі Шымкентте (7,6%) болды.

Азық-түліктен өзге тауарлар бағасының өсуі 11,1%-ға дейін баяулады, ең жоғары мән Алматы қаласында (12,9%) және ең төменгі мән Ұлытау облысында (8,1%) тіркелді.

Ақылы қызметтердің бағасы қыркүйекте 11,9%-ды құраған қыркүйекпен салыстырғанда қазан айында 11%-ға дейін төмендеді. Түркістан облысы қызмет көрсету бағасының айтарлықтай өсуімен ерекшеленді (15,6%).