Bugin
Фото: видеодан скриншот
Ақмола облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 16 қараша күні сағат 12:50-де Астана – Қарағанды учаскесінде болған.
"Жүк пойызының өтуі кезінде вагондардың рельстен шығып кетті. Зардап шеккендер менжараланғандар жоқ. Басқа пойыздарға кідіріс болған жоқ. Пойыздар іргелес жол бойымен жүріп жатыр", - делінген хабарламада.
Оқиғаны осы сілтемеден көре аласыздар.