Bugin

Демалыс күндері қай өңірде күн суытатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Синоптиктер Қазақстанда 18-20 қарашада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Болжам бойынша, алдағы тәуліктерде белсенді солтүстік циклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. 18 қарашада солтүстік-батыста, солтүстікте, 19 қарашада республиканың шығысында қатты жауын-шашын (қарға ұласатын жаңбыр), 19-20 қарашада республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын күтіледі.

"Кезеңнің соңына қарай солтүстік-батыс антициклонға байланысты суық ауа массаларының кіруі күтілуде, бұл Қазақстанның басым бөлігінде температураның күрт төмендеуіне әкеледі. Осылайша, солтүстік-батыста түнде 3-13 аяз болып, күндіз 7 градусқа дейін төмендейді. Температураның төмендеуі оңтүстік облыстарға да әсер етеді, мұнда түнде 3 градустан 7 градусқа дейін, күндіз 5-15 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста түнде 3 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Республика бойынша жел секундына 15-29 метрге дейін күшейеді, тұман түседі" - делінген хабарламада.