Bugin

Екі полиция қызметкері жасөспірімді зорлады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Қонаевта кәмелетке толмаған қызға қатысты қылмыс жасады деген күдіктілер қамауға алынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Баспасөздің айтуынша, полиция қызметкерлері жасөспірім қызды зорлады деген күдіктілерді әшкереледі.

"Биыл 7 қарашада полицияға Алматы облысының 43 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған қызына қатысты екі белгісіз адамның жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны туралы арызданды. Сол күні іс Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-бөлігінің 1-тармағы "Зорлау" бойынша облыстық полицияда тіркелді", - дейді ведомство.

Жедел-іздестіру кезінде 2000 және 2001 жылғы күдіктілер анықталып, "ізі суымай" ұсталған. Олар қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.