Саясат
Қазір аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Бұл туралы мәліметті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова Астанадағы брифинг барысында растады.
"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Басқа мәлімет ҚР ҚПК 201-бабының аясында таратылмайды. (...) Қосымша мәліметіміз болса, міндетті түрде хабарлаймыз", - деді МҚІСЖҚ ресми өкілі.
"Астанадағы мейрамханада Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларын ұстау дерегі болды ма", - деп сұрады журналистер.
Бұл сұраққа Жанна Бастарова "Болды" деп жауап қатты.
Дереккөз: tengrinews.kz