Bugin

Ақтөбеде жантүршігерлік жол апаты болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Ақтөбе қаласының Оңтүстік айналма жолында жүк көлігі тұрған. Оған барып соқтығысқан жеңіл көліктегі екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Оқиға бүгін сағат шамамен 15:15–те болды. Қаланың бір бүйіріндегі Оңтүстік айналма жолдың жиегінде тұрған жүк көлігінің тіркемесіне жеңіл көлік барып соқтығысты. 

"Daewoo Nexia" автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі жол жиегінде тұрған "DAF" жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жолаушылары мерт болды. Ер адам 49, әйел 47 жаста. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61