Bugin

Алматыда жолаушылар автобусы жанып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда электр сымдарының қысқа тұйықталуынан жолаушылар автобусы жанып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 17 қараша сағат 16:29-да болған.

"Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Іле ауданы Байсерке ауылында жолаушылар автобусының жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жіберілді", - дейді ведомстводағылар.

Өрт жарты сағатта толықтай сөндірілген. Абырой болғанда құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылған.