Bugin
Фото: .pexels.com
Қостанай қаласының 61 жастағы тұрғыны өз пәтерінен күштеу белгілерімен өлі күйінде табылды. Полиция күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Бейресми мәліметтер бойынша, қаза тапқан адам сегізінші ықшам аудандағы үйлердің бірінде тұрған. Қайғылы оқиға 16 қарашада болды, деп хабарлайды "Костанайские новости" өңір полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 99-бабы, "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен 51 жастағы әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды", дейді Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі