Bugin

Таразда оқушы арматураға құлап, мойнындағы тамырларын кесіп алған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Сегіз жасар бала арматураға құлап, мойынындағы тамырларын кесіп алған, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы  stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Баланың жақындарының сөзінше, бала үйдің маңында құрылыс жүріп жатқан жерде ойнаған. Сол кезде арматураға құлап, мойнын жарақаттап алыпты. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқушының мойнындағы үлкен тамырларды кесіп кеткен. Бастапқыда жансақтау бөліміне жатқызылып, кейін операция бөліміне ауыстырылыпты. 

Отаны ЛОР дәрігері және жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Иван Мойсюк, травматология бөлімінің дәрігері Қайрат Жеңісбаев мен тамыр хирургі Арман Ұлтарақов жүргізді. 

Ота кезінде оқушыға қан құйылған. Қазір өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.