Bugin
Фото: pexels.com
Ақтөбе облысының Темір ауданында зираттағы қабірлерді оқушылар бүлдірген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Олардың орнына ата-аналары бүлінген қабірлер үшін жарты миллионнан астам теңге айыппұл төлеуге мәжбүр.
Бірнеше оқушы зират ішіне кіріп, қабір тастарын шималап тастаған. Олар жауапқа тартатын жасқа жетпегендіктен, аталған құқық бұзушылық үшін сотта ата-аналары жауап берді, деп жазады "Диапазон".
Ата-аналар балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін кінәлі деп танылды, әрбір ата-анаға 24 мың 150 теңге көлемінде айыппұл салынды. Іс мұнымен бітпеді, кейінірек оларды жергілікті тұрғын тағы сотқа беріп, ата-анасының қабірлеріндегі тастарға келтірген залалды өтеуді талап етті.