Bugin

Ғибадатхана алдында ойнап жүрген баланы маймылдар талап өлтірген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

13 қарашада Гуджарат штатындағы Салки ауылында 10 жасар Дипак Тхакор достарымен бірге ғибадатхана алдында ойнап жүрген. Сол сәтте оған маймылдар шабуыл жасаған, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы  stan.kz сайтына сілтеме дасап.

Жергілікті әкімшілік өкілдерінің айтуынша, шабуыл кезінде бала ауыр жарақат алған. Тіпті ішегінің бір бөлігін жұлып алған. Тхакор үйіне бара алғанымен, дәрігерлер оның өмірін сақтай алмапты

Әкімшіліктің хабарлауынша маймылдар бір аптада адамдарға осымен үшінші рет шабуыл жасаған. 

"Ауылда 4 үлкен маймыл бар үйір пайда болды. Олар адамдарға шабуыл жасайды. Екеуінің көзі жойылды. Қалғандарын ұстау үшін шара қабылданып жатыр", – деп мәлімдеді орман шаруашылығы департаментінің өкілі. 

Үндістан барлық аймағында лангурлардың бірнеше түрі мекендейді. Приматтар үнділер үшін қасиетті жануар, сондықтан халық оларға тамақ береді екен. Ал кей діни топтар маймылдың етін жеп, ағзасын емдік мақсатта пайдаланады.