Bugin

Қуандық Бишімбаевтің марқұм әйелімен мейрамханада отырған видео тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қуандық Бишімбаевтің марқұм әйелімен мейрамханада отырған видео тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

9 қарашада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін өлімші етіп сабап өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын. Әлеуметтік желіде оқиғаға дейін аталған BAU мейрамханасында отырған видеосы тарады.

Видеодан марқұм Салтанат Нүкенованың мейрамхананың "летнигінде" отырғанын байқауға болады. Соған қарағанда видео жазғы уақытта түсірілген секілді. Бірақ видеодан мейрамхананың сол BAU екенін байқауға болады. Ол қорқор тартып отыр.

Негізі БАҚ беттерінде бұл мейрамханаға Қуандық Бишімбаевқа қатысы бар екені жазылған. Сондықтан екеуі осы жерде жиі кездескен болуы мүмкін.

"Қарғыс атқан жер", "Ол бұл жерде өлтіреді деп күдіктенген де жоқ", "Салтанатты өмірдің көлеңкелі тұсы", "Егер 10 жыл түрмеде отырғанында екеуі кездеспес еді", - дейді желі қолданушылары.