Bugin
Фото: pexels.com
Жыртқыштардың санын азайту шаралары екі жылдан бері қолға алынбай келеді, осы уақыт ішінде олардың саны айтарлықтай өсті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Каzinform агенттігіне сілтеме жасап.
Жергілікті халық бұл мәселені Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевпен кездесуінде айтты.
Қасқырлар малға шабуыл жасап, елді мекендер аумағына кіріп жүр, олардың адамдарға шабуыл жасау жағдайлары да тіркелді. Қариялардың айтуынша, оларды ату жұмыстарын қазір, бірінші қар жауғанда және ақпан айында жүргізу керек.
Бұл мәселені шешу үшін заңнама аясында аңшыларға қасқырлар санын азайту мақсатында оларды атуға лицензия беру жұмыстары жүргізіледі.