Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: pexels.com
Павлодарда жоғалып кеткен 7 жастағы қыз үш күннен бері әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
"Сағат 08:00-де қызды іздеу жұмыстары қайта жалғасты. Қазіргі уақытта 319 адам мен 72 техника жұмылдырылған. Ауа-райы тікұшақты пайдалануға әлі де мүмкіндік бермей тұр. Кеше іздеу жұмыстары тікұшақпен 50 шақырым, жаяу және автокөлікпен 25 шақырым жерде жүргізілді", - деп жазылған хабарламада.
Екпіні секундына 20 метрден асатын желдің күшеюіне байланысты ведомство өкілдері облыс тұрғындарынан көшеге шықпауды сұрады. Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінде штаб құрылып, сенім телефоны жұмыс істейді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61