Bugin
Фото: Павлодар облысы ПД
Павлодар облысында 17 қарашада 7 жасар Милана Давыдова жоғалып кетті. Полицейлер, Төтенше жағдайлар министрлігі мен еріктілер баланы үш күн бойы іздеген еді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Orda.kz материалына сілтеме жасап хабарлайды.
Павлодар облысында 17 қараша күні сағат 21:15-те Екібастұз полициясына баланың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Қоянды ауылдық округіне қарасты Бесқауға ауылында 7 жасар Милана Давыдова жоғалып кеткен еді.
Полиция департаменті хабарлағандай, сағат 16:00 шамасында Милананың анасы демалыс күндері балаларымен бірге ауылдан 15 шақырым жердегі шаруа қожалығындағы күйеуіне баруды ұйғарды. Қыз барудан бас тартып, үйден шығып, қайтып оралмаған.
Милананы іздеу жұмыстарын жүргізу үшін жедел штаб құрып, Төтенше жағдайлар министрлігі, кинологтар, сүңгуірлер мен еріктілер тартылды. Баланы 320-дан астам адам іздеді: олар аумақты жаяу аралады, далада квадроциклдер мен автокөліктермен жүрді. Тіпті тікұшақпен де іздегенмен, нәтиже болмады.
Милананы үшінші күні ғана өлі күйде табылды.