Bugin

Павлодарда 11 жастағы қыздың әкесі 30 жастағы педофилді ұстады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Павлодарда 30 жастағы ер адам 11 жастағы қызды кездесуге шақырмақ болған. Бұл туралы  Bugin.kz тілшісі  Orda.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме беріп хабарлайды.

Қыздың отбасы бұл оқиғаны көпшілікке жария етуге тырысуда. 30 жастағы ер адам баламен әлуметтік желіде өзінің қатарласы екенін айтып танысқан. Біраз уақыт хат алмасқан соң жасының 18-де екенін мәлімдеген. Күдікті интимдік фотосуреттерін жіберіп, қыздан дәл солай фото жіберуін сұраған. Қыз анасына мән-жайды баяндаған. Күдіктінің жіберген жалаңаш суреттерін бала қорыққаннан өшіріп тастаған.

Бұл хат алмасуды қыздың анасы байқаған. Белгісіз адамның кім екенін анықтау үшін, күдіктімен қыздың әкесі сөйлескен.. Ер адам мектеп жанында қызбен кездеспек болады. Қыздың әкесі достарымен барып күдіктіні ұстап алып, полицияға тапсырды.  Тексеру барысында күдіктіден пышақ тәркіленді. Оның телефонынан сексуалдық бағыттағы бейнероликтер табылды. Қазір күдіктінің үстінен іс қозғалып, жағдаят зерделенуде.