Bugin
Служба поддержки авторов
mediabugin@gmail.com
Фото: Orda.kz
Астанада лифтінің құлаған темірі әйелдің басына түскен. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Orda.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Елордалық полицияның хабарлауынша, жәбірленуші ауруханаға жатқызылған. Оқиға 18 қарашада Байтұрсынов көшесіндегі көпқабатты үйде болған.
Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабының 1-бөлігі "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61