Bugin
Фото: Bugin.kz
Түрік эстрадасының жарық жұлдызы, «Oynama şıkıdım…», «Dudu», “Öp”, “Kuzu Kuzu”, “Kiss Kiss” әндерімен әлемге танылған Тарканның Алматыда үлкен концерті өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Өнер ұлтқа бөлінбейді демекші, түрік әншісін сүйіп тыңдайтын қазақтардың санында шек жоқ. Тарканды қолдап келген түрік ағайындарымызды да кездестіруге болады. Бір тыңдарман концерт бойы ұялы телефон байланысы арқылы өз анасына концертті онлайн көрсетті. Анасының көзінен қуаныш пен мақтанышты байқауға болады.
“Түрік поп-музыкасының ханзадасы” концертінде тыңдармандарын билетіп, ән айтқызып қайтарды. Арасында романтикалық әннің әуенімен ерекше көңіл күй сыйлады. 51 жасқа келген әншінің бойынан энергия мен шабытты ғана байқауға болады. Тарканның өнерін қолдайтын, әндерін сүйіп тыңдайтын қолдаушылары өте көп.
Концерт аяғында Айнұр есімді 34 жастағы Алматылық тұрғын пікір білдірді. Айтуынша, 2000- жылдардан бері Тарканның әндерін сүйіп тыңдаған.
Биыл Алматыда концерт береді дегенді естігеннен кейін бірден билет алдым. Мен үшін бұл орындалған бір арман деп айтсам қателеспеймін. Өнер иесін өз көзіммен көріп, энергиясын сезінгенім үшін қуаныштымын. Концерт бойы билеп, қосылып ән шырқап қайттым. Уақыттың қалай өткенін байқамадым, деп өз пікірін білдірді.
Концерттің ұйымдастырылу деңгейі мен залдың атмосферасы ерекше. Жарық эффектілері әсері мен музыкалық аспаптардың ырғағы кешке ерекшелеп тұрды. Ән айтып жатқанда арнайы жылтырдан шашу шашылып, есте қаралық кеш болды.