Bugin

Елімізде үйленген, ажырасқан және отбасын құрмағандардың саны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Free Photo

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстандағы неке және отбасы туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бюро мәліметіне сүйенсек, некеде тұрған ерлер мен әйелдердің саны 2009 жылғы 6,6 миллионнан 2021 жылы 8,2 миллионға дейін өскен.

"2021 жылғы санақ бойынша халықтың 60,9 пайызы некеде болған, осылайша некеде тұрған азаматтар саны 8,2 миллион адам болды. Оның ішінде 9 пайызы – қайта неке құрғандар. Жалпы халықтың 28 пайызы – ешқашан үйленбеген, 5,3 пайызы – жесір, ал қалған 5,8 пайызы – ажырасқандар", - делінген хабарламада.