Bugin
Фото: Павлодар облысы ПД
Павлодар облысында қызын өлтірген әйел мен көңілдесі қамауға алынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасап.
Деректерге сүйенсек, күдіктілер 7 жасар Миланын ұрып өлтірген. Артынша денесін көміп тастап, жоғалды деп полицияға шағымданған. Іздеу жұмыстары 2 күнге созылған. Тек екінші тәулік дегенде Милананың мәйіті Бесқауға ауылындағы қоқыстан табылды.
"Кәмелетке толмаған қызды өлтірді деген күдікпен полиция қызметкерлері анасы мен оның танысын ұстады. Ұсталғандар өз кінәсін мойындады. ҚР ҚК 99-бабы, 3-бөлігі, адам өлтіру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды",-деді Болат Нұрсейітов, Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары.
Безбүйрек ананың жасы 39-да. Бесқауға ауылында балаларымен тұрған. Ал күйеуі мал бағып күзеуге кеткен екен.
"Мен жайлауда болдым. Маған қызың жоғалып кетті деп хабарлады. Олар демалыста маған келуі керек еді. Қоңырау шалып, Милана саған келмеді ме деп сұрады. «Не болып қалды, ол қайда?» деп сұрадым. Жоғалып кеткенін білгеннен соң, жаяу айналаны қарап шықтым",-деді Александр Колтин.
Қызын өлтірген әйел туралыда көршілері өз пікірін білдірді. Айтуларынша ішімдікке құмар болған.
"Ол келіншек ішімдікке әуес. Әркімнен арақ сұрап ішіп жүретін. Күйеуі қысы-жазы малдың соңында. Осы оқиғаны естігенде сенбедім. Қызы пысық еді. Қазақша да, орысша да еркін сөйлейтін. Мықты, пысық болды. Аанасы өлтіріпті ғой",-деді Шолпан Түрінтаева.