Weekend
Табысты адамдардан 10 кеңес
Демалыс күндеріңіз босқа кетеді ме? Бәрін өзгертетін уақыт келді. Жетістікке жеткен адамдардан үлгі алыңыз. Үлкен жетістіктерге жеткен адамдардан. Төмендегі мәліметтерде осы адамдардың әдеттері мен дағдылары туралы айтылған.
Роберт Айгер: Ерте тұрыңыз
«Ерте тұрған еркектің - ырысы артық, Ерте тұрған əйелдің - бір ісі артық», – дейді дана халқымыз.
Disney студиясының атқарушы директоры Роберт Аллен «Боб» Айгер күн сайын сағат 04:30 да тұрады. Табысқа жеткісі келетін адамдар демалыс күндері түске дейін төсектерінде жатып алмайды. Тіпті сағат 11 ге дейін де. Зерттеулер көрсеткендей біздің миымыз ұйқыдан тұрғаннан кейін алғашқы 2-4 сағат қана белсенді жұмыс істейді екен. Демалыс күндері ерте тұрыңыз, осы арқылы бүкіл әлемнің алдында болсын, сіздің жетістікке жетуге мүмкіндігіңіз көп болады.
Бенджамин Франклин: Жоспарыңыз болсын
Табысты адамдар күнделікті міндеттердің маңыздылығын толық сезінеді. Күндік, апталық, айлық жоспарыңыз болуы керек. Бұл уақытыңызды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Әрине, демалыста демалуға болады. Бірақ бұл, бәрін ұмытып кетуге себеп емес.
Тимоти Феррис: көп мәселелерді бірден шеше аламын деп ойламаңыз
Көп адамдар бірнеше мәселені бір уақытта шешіп, уақыттарын тиімді пайдалана аламыз деп ойлайды. Ол қате пікір. Табысты адамдар, көп мәселені бір уақытта шешуді – тиімділік пен жемісті жұмыс істеудің азаюына алып келетінін біледі. Жазушы Тимоти Ферристің айтуы бойынша, күніне маңызды екі шаруадан жасап отыру арқылы, тиімді жұмысқа қол жеткізесіз. Екі мәселеден артық жасаймын десеңіз, тиімділігіңіз азаюы мүмкін. Әрине, шұғыл шаруалар өз алдына басқа мәселе.
Анна Винтур: Белсенді болыңыз
Vogue журналының бас редакторы, өзіне күн сайын бір сағаттан теннис ойнаймын деген міндет қойған. Бұндай адамдар баршылық. Ричард Бренсон кайтсерфингпен айналысады. Үндістандағы байлығы бойынша төртінші тұрған адам – марафондар жүгіреді. Табысты адамдар физикалық белсенділіктің миға пайдалы екенін біледі. Демалыс күндері бұл үшін таптырмас мүмкіндік.
Стив Джобс: Бәрін рет-ретімен жасаңыз
Демалыс күндері – ұмытқан майда-шүйде істерді еске түсіру үшін, жұмыс пен жеке өмірдегі үйлесімділікті ретке келтіретін таптырмас мүмкіндік. Уақытыңызды отбасыңызбен, достарыңызбен немесе серіктестеріңізбен өткізіңіз. Бұл сіздің табысыңызды молайтып, жұмысыңызды өсірмейді. Бірақ осы уақыттың маңыздылығын ойлаңыз.
Уоррен Баффет: Хоббиңіз үшін уақыт табыңыз
Бұл кісіні ХХ ғасырдың ең үздік инвесторы деп атауға болады. Бос уақытынды гавай гитарасында ойнауды ұнатады екен. Үздік адамдар – қызығушылығы бар адамдар. Олардың хоббилері соның дәлелі. Хобби, шығармашылық жетістікке жетуге немесе күйзелістен шығуға көмек береді.
Опра Уинфри: Тыныштықта болуды үйреніңіз
Forbes бойынша 2013 жылғы ең мықты тұлға атағын алған Опра күн сайын, екі рет 20 минуттан тыныштықта отырады екен. Осы арқылы еңбекке қабілеттілікті арттырып, ойларыңызды жинақтауға болады. Кей-кезде демалыс күндері жұмыс күндерінен де шаруаға толы болады. Сондай сәттерде 10, 15, 20 минут тыныштықта отыру арқылы, өз-өзіңізге келіп алыңыз.
Билл Гейтс: Ойлануға уақыт қалдырыңыз
Бірде Билл Гейтс: «Жетістікке жету – жақсы, бірақ, сәтсіздіктен сабақ алу, одан да жақсы» депті.
Күн сайын ойлануымыз керек. Демалыс күндері, артқа бір қадам жасап, өтіп кеткен аптада атқарылған істер мен жұмыстарға бір саралау керек.
Джек Дорси: Келесі аптаға дайындалыңыз
Twitter-дің негізін қалаушы, күніне 16 сағаттан жұмыс жасайды. Бірақ, сенбі күні демалады. Ол серуендейді. Жексенбі күні келесі аптаға дайындалады. Жазушы Лора Вандеркам, табысты адамдар демалысқа – кәсіби жетістікке жетудің құралы ретінде қарайтынын айтады. Дүйсенбіге сақадай сай болу үшін, жексенбіде дайындалыңыз.
Jay – Z: Динамиканы сақтаңыз
Ұйықтап жатсаңыз да, қатты босаңсымаңыз. Табысты болу үшін, бір ғана ықылас аздық етеді. Ұзақ әрі қайраттанып жұмыс жасау керек.