Bugin
Фото ©️ Tengrinews.kz / Алина Шашкина
Экс депутат Нұржан Әлтаев 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оған қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде ақша түрінде пара алу) бойынша айып тағылған. Сот үкімімен экс-вице-министр Әлтаев ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Енді ол өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқара алмайды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
"Нұржан Әлтаев 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін «Атамекен» ҰКП мүдделері үшін тиімді ресми шешім қабылдауға ықпалдасып, делдал арқылы Абылай Мырзахметовтен пара ретінде жалпы сомасы 50 млн теңгеден астам (115 мың АҚШ доллары және 8 млн 150 мың теңге) қаражат алды деп айыпталып отыр", - делінген ақпаратта.