Bugin
Бас прокурор Берік Асылов экс-шенеунік, әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталған Қуандық Бишімбаевтің ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.
"Жуықта азаматша С.Нүкенованың Астана қаласында кісі қолынан көз жұмуы интернет кеңістікті дүр сілкіндірді. Отбасындағы және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау туралы петицияға 150 мыңға жуық қазақстандық қол қойды. Бұл бағытта жұмыс жалғаса береді", – деді Берік Асылов ведомствоның заңдылықты сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің жиынында.