Bugin
Фото: depositphotos.com/ru
2023 жылдың соңғы айында қазақстандықтар 11 күн демалса, жаңа 2024 жылы тағы екі күн демалады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Желтоқсан айында ел Тәуелсіздік күнін 2023 жылдың 16 желтоқсанында, яғни сенбіде тойлайды. Сондықтан дүйсенбіде қосымша демалыс болады.
Қазақстандықтар аптасына 5 күн жұмыс істесе, 16, 17 және 18 желтоқсанда демалады.
Аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер 16 және 17 желтоқсанда демалады.
Жаңа жылдық мереке күндері қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында төрт күн, алты күндік жұмыс аптасында үш күн демалады.
Желтоқсанның 30-ы мен 31-і сенбі мен жексенбіге сәйкес келеді, одан кейін қазақстандықтар 1 және 2 қаңтарда демалады.