Bugin

Ақмолада өгей әкесі 15 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Ақмола облысында өгей әкесі 15 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді. Қылмыс туралы қыздың әжесі хабарлады. Бұл туралы  Bugin.kz тілшісі Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әжесі 37 жастағы ер адамның немересін наурыз айында зорлағанын, бірақ бұл жағдаят жақында ғана белгілі болғанын айтты. Әйелдің арызы бойынша Бурабай аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ведмоствоның ресми хабарламасында:

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Қ. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы «Кәмелетке толмағанға қатысты зорлау» бойынша қажетті тергеу әрекеттері мен сараптамалар жүргізілуде. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында»,-делінген.