Bugin

Жаркентте екі ай бұрын жоғалып кеткен 21 жастағы жігіт табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: instagram/volontery_almaty_lider.kz

Қазан айының басында Жаркент қаласында (Жетісу облысы Панфилов ауданы) жоғалып кеткен 21 жастағы жас жігіттің өлі денесі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Bugin.kz тілшілері.

Анықтамалық мәліметтерге сәйкес, 2002 жылы туған Жанайбеков Кенжебек Нұрболдыұлы 3 қазан күні жоғалып кеткен. Сол күні сағат 17:30-да үйінен Панфилов ауданы, Пиджім ауылы, Мұсаева көшесі, 5-құрылыс мекенжайы бойынша шыққан. Содан бері ізім-ғайм жоғалған

18 қарашада жігіттің қайтыс болғаны белгілі болды.