Bugin
Фото: depositphotos.com/ru
Алматы облысының Сауыншы ауылында түнде оқушы қызды ұрлап әкетіп, зорлаған ер адамды іздестіріп жатыр. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі ktk.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жәбірленушінің анасының айтуынша, қызы оны таңғы бесте оятқан. Қара киім киген, медициналық маска және басындағы капюшон киген белгісіз ер адам ұрлап кеткенін айтқан. Ол баланы үйден алып шығып, сырттағы душқа апарып, сол жерде тиіскен.
"Қызымнің денесінде жырық бар деген диагноз қойылды. Денесінде қан ізі болды", - дейді әйел.
Зардап шеккен қыз тоғыз жаста, төртінші сыныпта оқиды. Көршілердің айтуынша, бұл отбасы ауылда көптен тұрады, учаскенің аумағы қоршалмаған. Ешқандай қақпа да жоқ. Сол күні кешке оқушы қыздың әжесі түнгі ауысымда жұмыс істеген. Оқиғадан сәл бұрын олардың үйінің жанынан бейтаныс адамдар көрінген.
Сауыншы шағын ауыл, онда 200-ге жуық адам тұрады. Мұнда бұрын-соңды мұндай жағдай болмаған.
Әйтей ауылдық округінің әкімі Жарқын Қатубаевтың айтуынша, қазір іздестіру шаралары жүріп жатыр. Кінәлі 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Полиция "жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабы бойынша тергеу бастады. Ал жергілікті тұрғындар балаларын далаға жалғыз шығаруға қорқады.