Bugin
Фото: gov.kz
Олар салмақтық және габариттік параметрлерін бұзған автокөліктерді бөгетсіз өткізуге кәсіпкерлерден ақшалай қаражатты жүйелі түрде бопсалаған, деп хабарлайды порталы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің жолы кесілді, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
"21 қарашада Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстарында көлік министрлігі көліктік бақылау инспекциясының бірнеше қызметкері ұсталды. Олар салмақтық және габариттік параметрлерін бұзған автокөліктерді бөгетсіз өткізуге кәсіпкерлерден ақшалай қаражатты жүйелі түрде бопсалағаны үшін күдікке ілінді", - дейді ведомтво.
Қылмыстық кодекстің 366-бабы "Пара алу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.