Bugin

Ақмола облысында арбадағы адам жедел жәрдем көлігінің астына түсіп мерт болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақмола облысында арбаға танылған екінші топтағы мүгедек – 67 жастағы ер адам абайсызда жедел жәрдем көлігінің астына түсіп, мерт болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 21 қарашада Целиноград ауданының Ақмол ауылында болған.

"Емхананың тұрағында жедел жәрдем станциясының жүргізушісі «УАЗ» автокөлігімен маневр жасау кезінде мүгедектер арбасында отырған 67 жастағы ер адамды абайсызда басып кетті. Ер адам 2-ші топтағы мүгедек, арабаның көмегімен қозғалады, көліктің артқы жағында тұрған. Зейнеткер алған дене жарақатынан сол жерде көз жұмды. Қазіргі кезде, жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынып, сараптамалар тағайындалды", - деді ведомстводан.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61