Bugin

Павлодар облысында сәби бас миынсыз дүниеге келген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Павлодар облысында нәресте бас миынсыз дүниеге келген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық балалар ауруханасының хирургі Жандос Мусин мәлім етті.

"Биыл осындай ауыр жағдайлардың бірі кездесті. Ана сәбиді бас миынсыз туды. Оның салмағы 520 грамм болатын. Бұл ауру бала құрсақта жатқан кезде-ақ білінген. Өкінішке қарай нәресте бақилық болды", – деді Жандос Мусин.

Спикердің мәліметінше, бұндай қауіпті аурулар жиі кездеседі. Бүгінгі таңда неонатологиялық орталықта 19 нәресте реанимация бөлімінде жатыр. Оның біреуі аса ауыр жағдайда.

Балалар түрлі аурулармен туады. Соның бірі респираторлы дистресс синдромы - өкпенің жетілмеуі. Осындай балалар өздігінен дем ала алмайды және ұзақ уақыт бойы аппараттың көмегімен дем алады. Кейде бұл процесс 1-2 айға созылуы мүмкін. Сондай-ақ бас миының қан тамырлары жетілмесе, ми ішіндегі қан кетуі мүмкін. Бұл күрделі сырқаттарға әкелуі мүмкін

"Бүгінгі таңда шала туғандардың ішіндегі ең кішкентайы – 530 грамм салмақтағы қыз бала. Қазір ол ауруханадан шығарылып, ақ халаттылардың бақылауында", – деді облыстық перинаталдық орталығының жаңа туған нәрестелердің реанимациясы бөлімінің реаниматологі Қарлығаш Райысова.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61