Bugin
Фото: pexels.com
Алматыда әйелді жауыздықпен өлтіргені үшін сотталған ер адам апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін Алматы қалалық сотында осы іс бойынша апелляциялық сот отырысы өтті. Сотталушы соттан өзін кінәсіз деп тауып, ақтауды сұрады.
Алайда Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдырды.
"Сот алқасы қаулы етті: И-ге қатысты Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім өзгеріссіз қалдырылды, сотталушының апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады. Қаулы жарияланған күннен бастап заңды күшіне енеді және бір жыл ішінде кассациялық сатыға шағым жасай алады", - деп төрағалық етуші судья Жанат Жайлаубай үкімді оқыды.
Апелляциялық соты сотталған И-ге қатысты мамандандырылған қылмыстық соттың үкімі негізді деген қорытындыға келді, сот барысында заңбұзушылықтарға жол берілмеді.