Weekend

Ұстаздық еткен жалықпас...

Ұстаз – ұлы тұлға

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дүниеде қаншама мамандық иесі бар. Сол мамандықтардың төресі – ұстаздық ету. Әрине ұстаз әр маман иесін тәрібиелейді және оларды оқытып, үйрететін ардақты жан. 

"Ұстаз әлемдегі бар мамандықтың анасы" – деп айтсақ еш артық болмайды. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Бұл асыл жанның берген білімі тіршілік атаулының өміріндегі шамшырақ секілді. Батыр да, ғалым да, данышпан да, егін еккен диқан да, жер шарын айналып ұшқан ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан білім нәрін алған.

Әрдайым ұстазды құрметтеп, сыйлау – адамзаттың үлкен парызы. Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой. Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенмен , ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. "Ұстазды алтын діңгекке теңер едім" – деп ұлы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы қиыншылығы мен рахаты көп мамандық атаулының ұлысы. Ұстаздық ету тынбай жұмыс істеу, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялау. Өз шәкірттерін білімнің шуағымен нәрлендіріп отырып адамгершілік қасиетін, мейірім шуағын болашақ ұрпақтың бойына дарыту. 

Ұстаздық ету шәкіртке ата-анасындай ақ қамқор болу. Басымызда қандай заман болмасын, ұстаздарға деген құрмет әр сәтте жоғары болмақ. Сонау тарихымызға көз жүгіртсек, ақыл мен парасатқа толы болған тұлғалардың өзі ұстаздың мәртебесін жоғары ұстаған. Ердің есімі әр дайым халқының жанында. Айталық, Абылай хан Төле биді, Шәкәрім Абайды, Ескендір Аристотельді, Жамбыл Сүйінбайды өзіне қамқоршы әрі ақылшы тұтқан. Бұл даналардың бағындырған талай асулардың бағынуына ұстаздардың септігі зор. Абай атамыз айтқандай "Адманың адамшылдығы – жақсы ұстаздан".

Оқушының болшақ табысы яки оның азығы мұғалімнің берген тәрбесі мен өнегесінің арқасында. Тәуелсіз еліміз Қазақстанда жарқын болашаққа жол ашу мектеп табалдырығынан басталғанымен, оның басты байылғы, өшпес сәулесі, еш тоқтаусыз соғатын жүрегі ол – ұстаз.