Bugin

Жолаушылар мінген автобус жол апатына ұшырады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Жол-көлік оқиғасы бүгін, 22 қарашада сағат 11:50-де Ақдария ауданы аумағынан өтетін М-37 тас жолында болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Жолаушылар автобусының жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың бетон тосқауылына соғылған.

Оқиға салдарынан автобустағы 1 жолаушы қаза тауып, 17 азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді.

Оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатқаны хабарланды.