Bugin
Фото: depositphotos.com/ru
Қазақстанда жұмыс орындарында әйелдер харассментке жиі ұшырайды. Сенатор Дархан Қыдырәлі осыған қатысты заңды күшейту туралы Үкімет басшысына сауал жолдады. Бұл туралы bugin.kz тілшісі qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
БҰҰ мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірлесіп жүргізген зерттеуде респонденттердің жартысынан астамы жұмыс орнында харассмент пен зорлықтың барын растаған. Оған ұшыраған әйелдердің 57,6%-ы аталған фактілер бірнеше рет болғанын атаған.
Харассмент деген тек қана жыныстық қысым көрсету емес, оған адамның қалауынан тыс қол тигізу, әртүрлі хабарламалар жазу, артынан аңду жатады.