Bugin

Алматы облысында 6-сынып оқушысы суицид жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Freepik

Алматы облысында 11 жастағы мектеп оқушысы суицид жасады. Жамбыл аудандық әкімдігі баланың өзіне қол жұмсау фактісін растады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Аталған дерек бойынша, полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша қылмыстық іс қозғаған. Бала Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы мектептердің бірінде оқыған. 6-сынып оқушысының суицидке баруының себебі белгісіз.

"Бұл оқиға демалыс күні баланың отбасында болған. Мектеп оқушысы толық отбасынан шыққан. Мектептен ешқандай қысым көрмеген, оқу үлгерімі де жақсы. Ата-анасының екеуі де жұмыс істейді. Әкесі жедел жәрдем қызметінде, анасы да медицина саласында. Баланың қысым көргені жайлы ақпарат жоқ, арнайы тергеп-тексеру жүріп жатыр. Неге бұндай қайғылы жағдай болғаны түсініксіз. Сенбі күні кешкі уақытта болған", – деді Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ал Алматы облысының әкімдігі қайғылы жағдайға душар болған отбасына жан-жақты қолдау көрсететіндерін айтты.