Bugin
Фото: Жәнібек Әлімханұлы инстаграм парақшасынан алынды
20 жасында әуесқойлар арасында әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста да өз биігіне шығуды көздейтінін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жәнібек Әлімханұлы өзінің инстаграм парақшасында "Қазақ стилініне" дәл қазір ешқандай спортшының шамасы жетпейтінін айтты.
"Чарломен жекпе-жекке түссе, Жәнібек оны жеңе ме деген сұрақ ешкімде болмайды. Көптің көкейінде тек "Чарлоны Qazaq style қай раундта, қандай соққымен сұлатады?" деген сауал ғана мазалайды. Мен қазір өз биігімдемін! Қазақ стиліне дәл қазір ешқандай боксшының шамасы жетпейді! Ірі сөз, ірі іс!", деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.