Bugin

Алматы облысында мектеп оқушысы бүтін бір автобус жолаушыларын құтқарып қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фотоколлаж: Qaz365.kz

Іле ауданында 8 сынып оқушысы бүгінгі күннің батыры атанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

"Автобус жүргізушісінің талмасы ұстап, көлік құралын басқара алмай қалған. Сол кезде жас жігіт тез арада тежегішті басып, автобусты тоқтатқан. Бүтін бір автобус жолаушыларын құтқарып қалған баланың есімі - Ақжол, ол  24 лицейдің 8 "Е" сынып оқушысы", – деп хабарлады Алматы облысының әкімдігінде.

Куәгерлердің айтуынша, ол жылдам әрекет етпегенде, автобус жақын жердегі ғимаратқа соғылуы мүмкін еді.

Пікір білдірушілер мектеп оқушысының әрекетін жоғары бағалап, батылдығы үшін үлкен марапатқа ие екенін жазып жатыр. Оқиға кезінде автобустың ішінде болған адамдар да алғысын жаудыруда.