Bugin
Фото: primeminister.kz
Премьер-министр Әлихан Смайылов Сенаттың жалпы отырысынан кейін өткен брифингте әлеуметтік желілердегі “Қазақстан 100 мың гектар жерді шетелдіктерге бергелі жатыр” деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап
"ҚР-ның Жер кодексінде шетелдіктерге немесе шетелдік компанияларға және шетелдіктердің қатысуымен қазақстандық компанияларға ауыл шарушалығына арналған жерлерді меншікке беру немесе пайдалануға беруге тыйым салынған. Ондай құқық тек қазақстандықтарда бар. Сондықтан шетелдіктерге жер беру қарастырылып жатқан жоқ, қаралмайды да. Бұл бойынша Мемлекет басшысы да анық пікірін айтты", – дейді Әлихан Смайылов.