Bugin
Фото: pexels.com
Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев Аягөзде өрттің кесірінен төрт баласынан айырылған ата-анаға қандай көмек көрсетілгенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыс әкімінің сөзінше, қаралы отбасына барлық қажетті көмек көрсетілген. Желтоқсан айында зардап шеккен отбасына Өскемен қаласынан екі бөлмелі пәтер беріледі.
"Қайғылы оқиғадан соң ол отбасының жанында аудан әкімі, менің бірінші орынбасарым болды. Зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілді. Олар тұрмыстық техникамен және жиһазбен жабдықталған екі бөлмелі пәтерге уақытша орналастырылды. Желтоқсан айында біз оларға Өскемен қаласынан екі бөлмелі пәтер береміз. Өйткені олар сол жерде тіркелген", – деді Уранхаев баспасөз мәслихатында.