Bugin
Бұрынғы McDonald's фаст-фуд мейрамханалар желісі тағы да атауын өзгертті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін брендтің өзгергені туралы ақпаратты McDonald's желісін бұрын басқарған Food Solutions KZ компаниясы бөлісті. Мейрамханалардың жаңа ресми атауы – i'M. Сондай-ақ қызыл жүрек қойылған.
"Сіздердің әрқайсыңыз мейрамханалардан дәм татып, ерекше атмосфераны сезіндіңіз. Біз ойландық: мұның бәрінің артында не жатыр, мінез бен көңіл-күй қайдан пайда болады. Біз оның артында адамдар тұрғанын және бұл адамдардың артында сан мыңдаған оқиғалар тұрғанын түсіндік... Бізге келген әрбір адам: "Менің қоғамда орным бар, менің кішкентай немесе үлкен оқиғам маңызды" деп айтқысы келеді. Осылайша атау дүниеге келді", - деп түсіндірді Seed агенттігінің креативті директоры Наиль Мұратов.
Жаңартылған желінің ұраны ретінде "мен ашықпын" деген тіркес таңдалды, бұл компанияның ашықтығын көрсетеді.
"Иә, әрқашан ашық. Мен аздап өзгердім, бірақ мен әлі де өз ісімде ең жақсымын және әрқашан өзім болып қала беремін. Тіпті жаңа атпен", – делінген желінің проморолигінде.