Bugin

Ер адамның ішегінен тірі шыбын табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com/ru

АҚШ-та дәрігерлер 63 жастағы науқастың тоқ ішегінде тірі шыбын бар екенін анықтады. Ер адам жоспарлы тексеруге келген. Колоноскопия кезінде дәрігерлер қатты үрейленді.  Науқастың ағзасында тірі шыбын өмір сүреді екен. Бұл туралы   Bugin.kz тілшісі "Доктор Питерге" сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адамда шағым немесе дененің ауруы анықталмаған. Кезекті тексеріс кезінде барлық қажетті сынақтарды өткізген дәрігерлер оны колоноскопияға жібереді.

Дәрігерлер көлденең тоқ ішекке, тоқ ішектің жоғарғы бөлігіндегі аймаққа жеткенде, тірі шыбын назарларына іліккен. Науқас бұл туралы естігенде қатты таң қалады. Әрі ол шыбын ағзасына қашан, қалай түскенін білмейді.

Дәрігерлер ер адамнан бірнеше күн бұрын не жегенін сұрай бастады. Ол процедурадан бірнеше сағат бұрын тек су ішкенін, бір күн бұрын салат пен пицца жегенін айтады. Ер адамның айтуынша, тамақта шыбын болмаған.

Дәрігерлер шыбын салаттағы көкөністерге жұмыртқалаған болуы мүмкін деген болжам жасады. Бұл сирек кездесетін жайт.