Bugin

"Біз үйге бармаймыз": 9 және 11 жастағы қыздарды өгей әкесі қорлаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

"Айна line" бағдарламасына келген кейіпкер 9 және 11 жастағы қыздарының өгей әкесінен көрген қорлығы туралы айтты. Бұл туралы  Bugin.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бағдарламаға жасырын кейіпкер болып келген қыздардың анасы барлық жағдайды баяндап берді.

"Күйеуім ерте қайтыс болды да, өзімнен үлкен азаматпен жолығып сол кісімен бас қостық. Намаз оқитын болғасын одан еш күдіктенбедім. Екі қызым үйге келуге сылтауратып, интернатта қалатын. Бір күні демалыс кезінде полиция қызметкерлерінен "өгей әкелерімен тұратындарды тексереміз" деген хабарлама келді. Сосын қыздармен оңаша сөйлесу мақсатында өз үйіме бардым. Қыздардан өгей әкелері туралы сұрағанымда, кішкентай қызым "мама, біз көкеден қорқамыз" деп жылап жіберді",-деді кейіпкер ашынып.

Әйел бұл сұмдықты қалай білгені туралы былайша баяндайды:

"Не болды?" деген сұрағыма "теледидар көрген кезде маған тиіседі" деді. Ал екінші қызым "біз үйге бармаймыз, ол отырғызып кеудемізден ұстайды" деді. Жолдасыммен хабарласып, бірден сұрағанымда "мені кешірші" деді. Сөйтіп, біраз уақыт тағы бірге тұрдық. Кейін тағы да жанжал шығып, полицияға баратынымды айттым. Ол "сенің ешкімің жоқ, мен бәрін танимын, олардың аузын ақша беріп жабамын" деді. Біраз қорқып, бірақ 111 сенім телефонына хабарласып, ол туралы бәрін айттым. Консультация алып, содан кейін тергеу басталды. Қазіргі таңда сот шешімі шықты, ол өмір бойы бас бостандығынан айырылды", - деді .