Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: depositphotos.com/ru
Алматы облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 22 қарашада «Тоқта-трафик» жедел алдын алу шарасы барысында Қарасай ауданында көрші республиканың 24 жастағы тумасын ұстады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған азаматша жүктілігі жеті айлық кезінде әлеуметтік желіге жаңа туған баласын сататыны туралы хабарландыру жариялағаны анықталды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов мәлімдеді. Ол:
"Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптамалар тағайындалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", -деді.
Ұсталған азамат заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61