Bugin
Фото: depositphotos.com/ru
Көптеген дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген бала ауыр халде. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі OTYRAR сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Көршілер мен куәгерлер дәрігерлерге сәбиді туысы терезеден лақтырып жібергенін айтты. Кейбір мәліметтер бойынша, 40 жастағы әйел психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады.
Мұның бәрі кешкі сағат тоғыздар шамасында Иляев көшесіндегі бір үйде болған. Сонымен бірге, оқиғадан кейін әйелдің психиатриялық ауруханаға жеткізілгені белгілі болды.
Жантүршігерлік оқиғаға шын мәнінде не себеп болғаны және ата-анасының неліктен баласын психикалық аурумен ауыратын туысқанына қалдырғаны әлі белгісіз.
Оқиғаның видеосын мына сілтемеден көре аласыздар.