Bugin

Қытайдан тағы да белгісіз вирус тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: AFP

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан жұмбақ респираторлық аурудың өршуі туралы ақпарат беруді сұрады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі ДДСҰ-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қытайда жаңа респираторлық вирус таралып, балалар жаппай жұқтыруда. Sky News хабарлауынша, жергілікті баспасөзде ата-аналар мен балаларға толып жатқан ауруханалардың видеолары тараған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 23 қарашада Қытайдың солтүстігінде балалар арасында белгісіз пневмонияның өршіп жатқанын хабарлады. Бір-бірінен 500 миль қашықтықта орналасқан Бейжің мен Ляониндегі балалар ауруханалары науқасқа толған.

"Көптеген бала ауруханаға жатқызылды. Жөтелмейді, бірақ дене қызуы көтеріліп (қызба), өкпесінде түйіндер бар", - деп хабарлады агенттік жергілікті тұрғынның сөзін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайға балалардағы індеттің зертханалық нәтижелерін алу үшін ресми сұрау жіберді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайға профилактикалық шараларды жасауды ұсынады. Соның ішінде вакцинация жасау, бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, ауырған кезде үйде болу және қолды үнемі жуу керегі айтылды.

Қытай шенеуніктері науқастардың көбеюін ауа райының салқындауымен, сондай-ақ COVID-19 шектеулерінің алынып тасталуымен және кейбір патогендердің таралуымен байланыстырды.

2023 жылдың мамырында ДДСҰ коронавирустың пандемиялық мәртебесін жойды. Ұйымның мәліметінше, коронавирус тұмау және басқа респираторлық вирустық инфекциялармен қатар маусымдық ауруға айналды.