Bugin
Фото: depositphotos.com/
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әлеуметтік желіде "Қазақстандағы медреселерде 12 жастағы қыздарды жыныстық қатынасқа итермелеуде" деген мазмұнда таралып жатқан пікірге қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл жалған ақпарат екенін мәлімдейді", – деді ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы.
Оның айтуынша, ҚМДБ-ға қарасты медресе-колледждер тек 15 жасқа толған қыздарды ғана оқуға қабылдайды.
"Мұндай жалған мәліметке сенбеуге шақырамыз және халықты білместікпен теріс ақпарат таратпауға үндейміз", – деді ол.