Bugin
Фото: pexels.com
Ақтөбе облысының екі тұрғыны ақшалай қаражатты екі есеге көбейту туралы ақпаратқа сеніп, ақшаларынан айырылып қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақтөбе қаласының тұрғыны Whatsapp мессенджерінде чат құрып, Ақтөбе қаласының тұрғындарын қомақты қаржы ұйымына ақша салу арқылы ақшалай қаражатты көбейтуге шақырған.
Ол белгілі бір соманы салса, бірнеше айдан кейін бұл ақша екі есе өсетінін айтқан. Салымшылар ақшанының қандай жолмен екі есеге көбейетініне де қызығушылық танытпаған. Күдіктінің айла-амалдарына екі аңғал азаматша алданып қалған.