Bugin
Есік алдынан жаңа туылған нәресте табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқиға Қырғызстанда болған. Бала тасталған үйдің иесі милицияға қоңырау шалып, келуін сұраған. Үй иесінен баланы алған милиция ауруханаға жеткізген.
"Нәрестені аузын байлап, коробкаға салып кеткен. Бала тоңып қалғаны соншалық қимылдамайды. Үй иесінен киім сұрап, орап алып кеттік, күн өте суық еді"-дейді инстпектор.
Қазір жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр.