Bugin

Ақтөбеде дау шыққан балабақша туралы тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ақтөбе қаласындағы жеке балабақша ата-аналардың арызынан кейін мекеменің қызметі тоқтатылатын болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласындағы "Амир" балабақшасын қалалық білім бөлімі жанынан құрылған арнайы комиссия тексеріп, мемлекеттік тапсырысты тоқтатуға шешім қабылдады. Осы аралықта құрылтайшысы да шұғыл түрде балабақшаны жапты.

"Амир" балабақшасына қалалық білім бөлімінде құрылған арнайы комиссия зерделеу жұмысын жүргізді. Оның қорытындысымен бұл балабақшада мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, жалпы білім және балаға жасалған жағдай бойынша мемлекеттік тапсырыс беруді тоқтату бойынша ұсыным берілді. Құрылтайшы бүгіннен бастап балабақша өз қызметін тоқтататынын хабарлады. Осы балабақшаға мемлекеттік тапсырыспен барып жүрген балаларды ата-аналардың келісімімен басқа балабақшаға орналастыру жоспарланып отыр. Ал балабақшаны жабу құрылтайшының өз шешімі. Ата-аналар бірнеше құқықбұзушылық бар деп арыз түсіргені белгілі. Арыздағы көптеген жайларды білім басқармасының анықтауына мүмкін болмады. Себебі балабақшадағы бейнекамера түсірілімін құқыққорғаушылар алған. Қазір зерделеніп жатыр. Қалалық прокуратура, облыстық Полиция департаменті, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық департаменті де тексеріп жатыр. Қорытындысы әзірге белгісіз", - деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.