Bugin
Фото: pexels.com
Шымкентте туысы төртінші қабаттан лақтырып жіберген 2 жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.
"Ата-ананың дұрыс қарамауынан тағы бір бала қайтыс болды", - деп жазды Шымкенттегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жаннета Жазықбаева.
Оның айтуынша, аурухананың бас дәрігері сағат 18:39-да нәрестенің жүрегі тоқтап қалғанын хабарлаған.